Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — Сотталушының шағымынан кейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаментінің бұрынғы директоры Асланбек Жақыповқа қатысты үкім шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының сайтында хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Асланбек Жақыповтың шағымын қарады.
"Нұр-сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының 2019 жылғы 29 мамырдағы үкімінің күші жойылсын. Қылмыстық іс жүргізуді ҚР-ның Бас прокуратурасына ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 323-бабы 1-бөлігінің 8-тармағына сәйкес қайтару керек, ол негізгі сот ісін жүргізуді тоқтатуға кедергі келтіретін іс жүргізу заңнамасын бұзушылықтарды жоюға бағытталған», - деді судья Шынар Ерғалиева.
Бұлтартпау шарасы қамаудан тұрғылықты жерден ешқайда шықпау туралы қолхатқа өзгертілді. Жақыпов дереу қамаудан босатылды.
Толық мәтін жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енетін қаулыға (18 шілдеде сағат 12-де болады) шағымдануға не наразылық келтіруге болмайды.
Еске сала кетейік, Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бұрынғы директоры Асланбек Жақыпова 500 мың теңге пара алғаны үшін "Алаяқтық" бабы бойынша кінәлі деп танылды (ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы). Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





