Алматы. 3 қазан. 7kun.kz – Әсел Жанасова «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұған дейін Әсел Жанасова 2020 жылдың шілдесінен бастап ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарған болатын.
2010 жылдан 2014 жылға дейін Әсел Жантасова Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясының ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры қызметін атқарды.
2014-2016 жж. аралығында Ұлттық банктің «Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, Ұлттық банкттің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды.
2016-2017 жж. аралығында «Зерде» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) басқарушысының кеңесшісі болып жұмыс істеді. ҚР сауда және интеграция вице-министрі лауазымына тағайындау алдында 2018 жылдан 2020 жылға дейін АХҚО цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024