
Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz –2019 жылдың 20 ақпанында Қазпошта "Эксимбанк Қазақстан" АҚ салымшыларына 250 млн теңге кепілдік өтемақыны қайтарды. Бұл туралы Қазпоштының баспасөз қызметі хабарлады.
Қайтарылған өтемақы Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының банк салымшылары алдындағы міндеттемелерінің жалпы сомасының 95%-нан астамын құрайды.
"Кепілдік берілген өтем салымшы өтініш берген күні бірден өтеледі", - дейді "Қазпошта" АҚ қаржы бизнес департаментінің директоры Алина Жанқұлова.
Айта кетейік, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге өтемақыны төлеу 2019 жылдың 4 ақпаннан 4 тамызға дейін Қазпоштаның Астана, Алматы, Павлодар, Петропавл және Қарағанды қалаларындағы орталық операциялық учаскелерінде жүргізіледі.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025