Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz - Танымал америкалық бренд «Джордон» орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің құрметіне жаңа спорттық киімдерін сатылымға шығарды. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер өзінің твиттердегі парақшасында жариялады.
GGG атымен жазылған киімде қазақтың ою-өрнегі де белгіленген. Киімнің жақын арада онлайн сатылымға шығатыны белгілі болды.
[caption id="attachment_76190" align="alignnone" width="800"] Фото: k2promos.com[/caption]Еске салсақ, Головкин бұл компаниямен 2016 жылдың сәуірінде келісімшартқа отырған. Отандасымыз «Jordan» брендін жарнамалайтын кіші Рой Джонс пен Андре Уордтан кейінгі үшінші боксшы болып саналады.
Дереккөз: Qsport.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024