Журналист болғым келеді, ол үшін қандай кітап оқуым керек деген сұрақты мектепті енді бітірген түлектердің аузынан көп естіген шығарсыздар? 7kun.kz БАҚ маманы оқуы тиіс 7 кітапты ұсынады.
Новостная интернет-журналистика
Авторы: Амзин Александр Тақырыбында "Интернет" сөзінің тұруы бекер емес. Онлайн басылымда жаңалықтар таратуда тек қосымша мүмкіндіктер ғана пайда болып қоймай, оқырман алдындағы жауапкершілік те жүктеледі. Жәй ғана жаңалық мәтінін көшіріп, қоя салу жеткіліксіз. Офлайн мен онлайнның айырмашылығын ашып көрсететін кітаптың бірнеше бөлімі бар. Автор кітаптың тек интернет-басылымдарының журналистеріне ғана емес, жалпы журналистер үшін пайдалы болады деп үміттенеді. Енді жұмысын бастап келе жатқан PR-мамандар, аудармашылар, мемлекеттік қызметкерлер, сарапшылар үшін де көмегі болады. Кітапты оқыған соң мәтінді қарапайым әрі салмақты мәтінді жазуға дағдыланасыз. «Новостная интернет-журналистика» автордың "Лента.ру-да" істеген қызмет тәжірибесі негізінде жазылған. Кейіннен Амзин "Яндекске" ауысты. Ал, қазіргі таңда біршама компанияларда кеңес берумен айналысады.Как разговаривать с кем угодно, когда угодно и где угодно
Авторы: Ларри Кинг Сұхбаттасудың шебері Ларри Кинг туралы естімеген адам кем де кем шығар. Автордың ток-шоуына белгілі саясаткерлер, атақты адамдар, өнер жұлдыздары қатысады. Өз кітабында ол әр бөлім сайын сізге кеңес беріп қана қоймай, мотивация сыйлайды. Мәселен, бірінші рет эфирге қалай шыққан дұрыс, әңгімені неден бастау керек, қорқынышты қалай сейілтуге болады сынды көптеген сауалдарға нақты жауап береді. Бұл кітапты тек журналистер ғана емес, жалпы сөйлеу мәнерін, әдебін үйренгісі келген кез келген адам оқи алады. Автор 38 жыл бойы көптеген белгілі тұлғалармен сұхбаттас болған. Оның бағдарламасында Михаил Горбачев та, Майкл Джексон да қонақта болған. Ларри кітабында шеберлігінің сырымен бөліседі. Өзіңе деген сенімділік сыйлайтын бұл кітапты бір демде оқып шыға аласыз. Жасандылық, тәкаппарлық секілді мінез-құлықтардан алыстатады. Яғни, тек кәсіби тұрғыдан шыңдалып қана қоймай, адами тұлғаңыздың да өзгеріске ұшырауына әсер етеді.Представление информации
Авторы: Эдвард ТафтиБұл кітапта күрделі әрі ұзақ ақпаратты қалай әдемі етіп жеткізудің жолдары жазылады. Еңбекте карталар, сызбалар, графиктер мен кестелер саны өте көп. Автор оларды өте тиімді пайдалануды үйретеді. Бүгінде ақпарат таратудың ең қолайлы тәсілі саналатын визуалды құралдар жөнінде айтылады.
Сіздің беретін ақпаратыңызда не нәрсе маңызды, не нәрсеге мән берген жөн? Мәселен, шұбырған, іш пыстырарлық мәтінді суретпен бергендегі әсері қандай болады? Оны оқырманға түсінікті тілде жеткізу жолдары қандай? Автор осының барлығын жіпке тізгендей көрсетіп, журналистерге жол сілтейді. Кітаптың ішінде 400-ге жуық иллюстрация бар.
Ньюсономика. 12 трендов, которые изменят новости
Авторы: Кен ДокторNewsonomics — Кен Доктордың өзі ойдан шығарған термині. Мағынасы "жаңалықтар экономикасы" дегенді білдіреді. Бұл терминді барынша кеңірек түсінген дұрыс дейді автор.
Бұл кітапта дағдарыс кезінде медиаиндустрия қалай жұмыс істейтіні туралы айтылады. Яғни, ескі дәстүр сәннен шыққан, бірақ жаңа түрі әлі қалыптаса қоймаған. Бұл жағдайды не істеу керек?
Ол осы тақырыпта 2014 жылы Мәскеуде халықаралық "Болашақ медиасы" форумында сөз сөйлейді. Сол жерде ол "БАҚ-тың болашағы" туралы айтады. Оның айтуынша, БАҚ-тың болашағы бар, бірақ ол біраз өзгеріске ұшырайды. Кітап негізінен, болашақ туралы. Өткен оралмайды деген ұстаныммен сіз де келісетін болсаңыз, кітапты оқып шығуға кеңес береміз.
Писать легко
Авторы: Ольга Соломатина
«Писать легко» — бұл тез әрі көңілге қонымды жазуға ұмтылатындарға арналған кітап.
Жазу машығын автор сурет салумен салыстырады. Сурет салуға үйрететін курстарда жаңадан келгендер бес сағаттың ішінде бірнеше сурет салады. Сондай шеберлік сыныбына барған Ольга мынадай ойға келеді: сурет салуға бес сағат жетсе, демек әр адамды жазуға да машықтандыруға болады дейді. Журналистикаға бейім, икем болу керек. Оған бірнеше уақыт ішінде қол жеткізуге болады. "Писать легко" кітабында Соломатина сол "машықты" қалай алуға болатыны жөнінде айтып өтеді. Кітапта бірнеше тапсырмалар бар. Мәселен, бүгінгі ауа-райы туралы жазба жазу. Яғни, сол жазатын тақырыбыңның төңірегінде ойланып, жоспар құрып үйретеді. Автордың айтуынша, жақсы ойластырылған жоспар нәтижелі жұмыстың кепілі.