Алматы. 6 қазан. 7kun.kz — Қазақстан экономикасының түрлі саласында ұйымдасқан қылмыстық топтар шоғырланған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Тілеу Жанғарашев мәлімдеді деп хабарлайды inform.kz.
Комитет төрағасы Тілеу Жанғарашевтің сөзінше, қылмыстық топтарға қатысты 50-ден астам қылмыстық іс тіркелген. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш жыл сайын тұрақты болып келеді.
"Бұл көрсеткіш Ішкі істер министрлігі нәтижелері деңгейінде тұр, яғни олар сотқа 54 қылмыстық істі жолдады. Бұл ретте ұйымдасқан қылмыстық топтар экономикалық салаға орнықты түрде тұрақтағаны байқалады. Сондықтан да негізгі екпін ауыр әрі аса ауыр қылмыстарды анықтауға қойылып отыр», - деді ол.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024