Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – First Heartland Jýsan Bank KPMG өткізген 2018 жылғы қаржылық есептілік аудитінің қорытындысын жариялады.
Қаржы институтының мәліметінше, активтер (сол кезеңде Цеснабанк) 2017 жылмен салыстырғанда 26%-ға төмендеп, 1,7 трлн теңгені құрады. Міндеттемелер 29% -ға 1,5 трлн теңгеге дейін, меншікті капиталы 1%-ға 217,2 млрд теңгеге дейін азайды. Былтырғы жылы Цеснабанктің шығыны 6,6 млрд теңгені құраса, 2017 жылы 50,6 млрд теңге таза пайда алынды.
Сонымен қатар, ақпаратқа сәйкес, аудиторлар қаржы институтының қаржылық есептілігіне қатысты теріс пікір білдірді. 2018 жылғы 31 желтоқсанда және 2017 жылғы 31 желтоқсанда маңызды болуы мүмкін Банк активтері бойынша қалыптастырылған резервтердің жеткіліксіз деңгейі негіз болды.
«Бұл нәтижелерді 2019 жылдың ақпан айында акционерлер ауысқаннан кейін келген жаңа басшылық күткен болатын. Ағымдағы жылдың І тоқсанында банк 551 млрд теңгенің несиелік қоржыны бойынша, өзге де қаржылық және қаржылық емес активтер бойынша 23 млрд теңге, сондай-ақ шартты міндеттемелер бойынша 7 млрд теңге қосымша резервтер қалыптастырды. Бұл көлем барлық несиелік тәуекелдерді толығымен жабады», - деп атап өтті Jýsan Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Жәмішев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024