Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Көк базардағы" сауда кешені құрылысына 12 млн доллар кетеді

"Көк базардағы" сауда кешені құрылысына 12 млн доллар кетеді
Алматыдағы "Көк базарда" салынатын сауда кешенінің құрылысына 12 млн доллар кетеді. Бұл туралы базардың атқарушы директоры Ерлан Қалиев мәлімдеді.  «Кешеннің жалпы ауданы 21 мың шаршы метр. Құрылыс жеке қаражат есебінен жүріп жатыр. Шамамен, 12 млн доллар кетеді», — деді Е.Қалиев. Аталған жердегі сауда орындарының саны - 1 мың, автокөлік тұрағы - 400. Е.Қалиевтің айтуынша, қайта салу сауда орындарын жалға беру бағасына әсер етпейді. «Жалға беру құнына еш әсері болмайды, біз есептеп көрдік. Жоспарлап отырған бағамыз да сондай болатын. Осы жерде бұрын тұрғандар қайтадан осы жерге оралады», — дейді атқарушы директор. Сауда кешені 2016 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Похожие материалы