Алматы. 31 шілде. 7kun.kz - Жаңа маусым мен өнімге қарамастан, бөлшектік нарықта кейбір көкөністердің бағасының тағы өскені байқалды. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Атап айтқанда, сәбіз - 15,6 пайызға (1 айда 153,8 теңгеге), пияз - 7,5 пайызға (141,3 теңге), қызылша мен бұршақ - 1,2 пайызға (келісі 147,6 және 583,9 теңге) қымбаттаған.
Пияз - 10,9 пайызға, қырыққабат - 13,5 пайызға, картоп - 17,6 пайызға, қызанақ пен қиярға 20 пайызға арзандаған.
Ұн және ұн өнімдерінің бағасы өзгеріссіз.
Қант бағасы - бір ай ішінде 4,9 пайызға артты (килограммы 256,3 теңге). Бұның алдында маусым айында мамырдағы бағадан 4 пайызға қымбаттаған.
Күнбағыс майының бағасы 2,9 пайызға арзандады - литрі 402,5 теңге.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024