Экономика
Регионы
Көкірекбаев: 2016 жылы Жамбыл облысында 105,1 млрд теңгеге 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған
Тараз. 22 желтоқсан. 7kun.kz - 2016 жылы Жамбыл облысында 1678 жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы 105,1 млрд теңге сомаға 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп мәлімдеді өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев ОКҚ брифингінде.
«Көптеген салалар бойынша өсім байқалуда, біз Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау бойынша инвестициялар тарту, ішкі резервтерді іздеу, кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға қатысты нақты шараларды қабылдадық. Облыста жалпы 3,2 млрд теңге сомаға шетелдік инвесторлармен 15 меморандум мен келісімдер жасалды. 26 инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бүгінгі таңда 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр», - деді К.Көкірекбаев.
Оған қоса, әкімнің мәліметінше, «2016 жылы облыста 1678 жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы 105,1 млрд теңге сомаға 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған».
Облыс басшысы мәлімдегендей, индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылданған уақыттан берi облыста жалпы құны 123,3 млрд теңгенi құрайтын 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Нәтижесiнде 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл төрт жылдың iшiнде 143 млрд теңгенiң өнiмi өндiрілді, бұл көрсеткіш жалпы өнеркәсiп өнiмiнің 15,8%-ын құрады.
«ИИДМБ екiншi бесжылдығында жалпы құны 551 млрд теңгенi құрайтын 27 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бағдарлама 5,5 мың тұрақты жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бередi. Ал, биыл бізде жалпы 30 млрд теңге сомаға 6 жоба жүзеге асырылып, 435 жаңа жұмыс орны ашылды», - дедi әкім.
Фото: kapital.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024