Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Шымкент - Көкшетау» бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

«Шымкент - Көкшетау» бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

Шымкент. 6 мамыр. 7kun.kz - «Шымкент - Көкшетау» бағытында жаңа әуе рейсі ашылды. Алғашқы рейспен Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалин Шымкент әуежайына келді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа бағыт екі облыстың сауда-экономикалық қатынастарын нығайтатынын және туризм саласының қарқынды дамуына септігін тигізетіндігін жеткізді.

«Еліміздің Оңтүстігі мен Солтүстігін жалғайтын әуе кеңістігінде алтын көпір орнатылып отыр. Бүгінгі күннен бастап, аптасына 2 рет жиілікпен «Шымкент-Көкшетау» әуе бағыты бойынша аптаның жұма, жексенбі күндері әуе рейстері орындалатын болады. Еліміздің мақтанышы саналатын Бурабай демалыс аймағына еліміздің ғана емес, шетелдің де қызығушылығы өте жоғары. Бұдан былай облыс тұрғындары  Бурабайға «Шымкент - Көкшетау» әуе бағытын пайдалана отырып баруына үлкен мүмкіндік пайда болды», - деді Жансейіт Түймебаев.

Сонымен қатар, облысымыздың Түркістан, Отырар, Сайрам, Қазығұрт, Қасқасу сияқты туристік аймақтарына Ақмола облысынан туристердің әуе бағыты арқылы келе алады.

Тасымалдауға арналған ұшақ түрі канадалық  CRJ-200. Жол жүру бағасы -  20 мың теңгені құрайды.

Похожие материалы