Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Көкшетауда шағын индустриялық аймақ құрылды

Көкшетауда шағын индустриялық аймақ құрылды

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz – Көкшетауда бірегей жоба  –   «Атамекен – Қамқор» шағын индустриялық аймағы  құрылды. Бүгін Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы және «Қамқор автосервис» ЖШС арасында сәйкес меморандум қабылданды.

Шағын индустриялық аймақ аясында кәсіпкерлерге толық инфрақұрылымы бар дайын өндірістік орынжайлар мен кеңселер беріледі. Осының бәр жеңілдетілген шарттар бойынша ұсынылып отыр. Жеңілдетілген бағалар мен 2 ай мерзімге дейін шегерілген кезең де қарастырылған.

Шағын индустриялық аймақтың логистикалық артықшылығы сол – «Көкшетау – Астана» тасжолы жағынан қала шыға берісінде жайлы орналасқан. Жалпы ауданы – 3,5 гектар. Ал ғимараттың өз ауданы 4 мың шаршы метрден асады.

Жоғарыда айтылғандай, шағын индустриялық аймақта жақсы инфрақұрылым, теміржол және кіреберіс жолдар, қажетті коммуникациялар, интернет пен телефония бар. Кеңселер, сондай-ақ, өндірістік, қойма, жылы бокстар да қарастырылған.

Похожие материалы