Қазақстандағы бірнеше танымал туристік нысандар шекарааралық аймақ санатына жатқызылды. Шетелдіктер ол аймақтарға бару үшін енді арнайы рұқсат қағазын алу керек. Бұл туралы арнайы өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова айтты.
Шетелдіктер үшін жабық нысандар қатарында Үлкен Алматы көлі, «Көлсай» көлдері мен «Шарын» каньоны, «Алакөл» көлі мен Медеу, Шымбұлақ бар. «2014 жылдың 16 сәуірінде ҚР Үкіметінің шекарааралық айматарда карантиндік сызық шегі туралы Қаулысы шықты. Бұған сәйкес Қытаймен шектесетін барлық аудандар шекараралық аймаққа жатқызылды. Сондай-ақ Ресеймен шектесенін аудандарда шекарадан 20 шақырымға дейін орналасқан аудандар да арнайы аймақ қатарына енді. Бұл аймаққа өту үшін шетелдік туристер миграциялық полицидан арнайы рұқсат алуы керек. Бұл танымал туристік аймақтар өз күштерімен келетін шетелдіктер үшін жабық деген сөз»,- деді Р.Шайкенова. «Біз қазір тығырыққа тіреліп отырмыз. Қазақстанға келетін шетелдік туристердің көпшілігі өз күштерімен келеді. Олар қалаларға тұрақтамастан бірден туристік нысандарға барады. Мына өзгерістен соң туристер Шарын каньонына барғысы келсе, біз бірден жібере алмаймыз. Арнайы рұқсатты алуға10-15 күн кетеді», дейді ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024