Экономика
К.Мәсімов: Қазақстан ЕАЭО-ға саяси астары жоқ экономикалық жоба ретінде қолдау көрсетеді
Астанада ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Еуразиялық аймақтың дамуының шешуші мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналған Астана клубының отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Отырыс кезінде премьер-Министр Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құру идеясын Елбасы 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған лекциясында жариялағанына баса назар аударды.
«Қазақстан бұл жобаны қолдайды, бірақ оған прагматикалық және практикалық тұрғыда, экономикалық жоба ретінде ғана, саяси астары жоқ жоба ретінде қараймыз. Осы мәселе бойынша біздің ұстанымыз осындай», - деді ол.
Сонымен қатар, Қазақстан үшін «Бір белбеу, бір жол» атты қытай бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу маңызды. «Қазақстан ҚХР-мен осы бағдарламаны жүзеге асыруда екі жақты, сондай-ақ көп жақты форматта ынтымақтастық орнатуға мүдделі», - деп толықтырды Үкімет басшысы.
«Қазақстан Еуропалық одақпен өзара қарым-қатынасты жалғастырып, әрі қарай тереңдетуге мүдделі. Ресми жағы тәмам, енді үстіміздегі жылдың желтоқсан айында ЕО-пен ілгері серіктестік туралы Келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. АҚШ-пен қарым-қатынасымыз о бастан ерекше және оны осы бағытта жалғастырамыз», - деп атап өтті К.Мәсімов.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы әлемдегі болып жатқан экономикалық ахалдарға бас назар аударып, жағдайға қарай әрекет ету керектігін жеткізді.
«Қазіргі заман, менің түсінуімше, бізге көптеген «тосын сыйлар» жасауда және 10 жыл бұрын көз алдыңа елестету қиын болған Шығыс Еуропадағы қарбаластық немесе Таяу Шығыстағы соғыстың қайта өршуі заманауи шындықты және Қытайда айтқандай «жаңа қалыпты жағдайды» қалыптастыруда. Осы мәселелерге сай жауап беріп, әрекет етуіміз керек», - деп түйіндеді ҚР премьер-министрі.
Фото: ia-centr.ru
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024