Қытайда 2014 жылы күміс құймаларына деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 52%-ға төмендеп, 6,2 млн. троя унциясын құрады. Бұл соңғы төрт жылдағы ең минимал көрсеткіш екендігін жыл сайын күміс Институтының тапсырысымен GFMS өткізетін зерттеулерінің нәтижесі көрсетіп отыр.
"Сұраныстың төмендеп кетуі жемқорлықпен күрестің әсері деп түсіндіріліп отыр. Себебі, сыйлық беру, соның ішінде күміс құймаларын сыйлау азайған", - делінген зерттеуде. GFMS сарапшылары да Қытайда күміске деген сұраныстың осыншалықты азаюына таң қалып отыр. Одан бөлек, сұраныстың төмендеуіне күміс бағасының арзандауы да әсер еткен: Нью-Йоркта 2013 жылы 36%-ға төмендеп кеткеннен соң, 2014 жылы аталған металл шамамен 20%-ға арзандаған. Күміс құймаларына әлем бойынша да сұраныс азайған: өткен жылы 31%-ға, 88,4 троя унциясына дейін төмендеген. Десе де, кеніштердегі күміс өндіру 2014 жылы өскен. Мұндай өсім соңғы төрт жылдағы максимумға жетіп, 12-жыл қатарынан көтеріліп келеді. Бірақ, жаһанға әлі де 4,9 млн. күміс унциясы жетіспеуде.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024