Алматы. 29 қараша. 7kun.kz — Тазартылмаған май өндірісі жылдан-жылға 2 пайызға артып, тазартылған май, керісінше, 3 пайызға төмендеді. 10 айдың қорытындысы бойынша ҚР май өндірушілері 97,4 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майын, ал 101 мың тонна тазартылған май өндірген.
Тазартылмаған май өндіруден ШҚО (79 мың тонна), Қостанай облысы (11,3 мың тонна) және Ақтөбе облысы (2,3 мың тонна) алдыңғы қатарда тұр.
Тазартылған май өндіру бойынша да ШҚО (51,2 мың тонна) белсенділік танытады. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы (21,5 мың тонна) мен Алматы (19,6 мың тонна) бұл ретте тыс қалмайды.
Қазақстан Республикасының «негізгі май өндіруші» компаниясы орналасқан ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметов қытайлық «CITIC Construction» компаниясының өкілдеріне Үржар ауданында күнбағыс майы өндіретін зауыт салуды ұсынды. Ол қытайлық Суар провинциясына экспортталады. Ахметовтың айтуынша, бұл облыс күнбағыс майын көп өндіретін аймақ. Күнбағыс егістігі 360-400 мың гектарға жетеді, орташа өнімділігі гектарына 25-30 центнерді құрайды.
Зауытты қытайлық инвестиция мен қаржыландыруды тарту арқылы салу жоспарланып отыр. Әкім Шығыс Қазақстан облысынан тұрақты шикізат алуды қамтамасыз етіп, Үржар ауданында өсімдік майы мен майлы дақылдарды егу үшін қосымша 50 мың гектар жер бөлуге болады деп есептейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024