Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 12 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 332,09 теңгені құрады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 331,80 теңгені құрады. Жоғары курс – 332,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 332,05 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 26 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 76.
Ақша айырбастау орындарында 12 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15:50) Алматыда 331,85 теңгені құраған.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024