Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 қыркүйекте доллардың орташа бағамы 338,46 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 338,00 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 338,94 тг, сауданың аяқталуы кезінде 338,94 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 78 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 188.
Ақша айырбастау орындарында 4 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.10) Алматыда 340.5 теңгені құраған.