Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 9 қазандағы доллардың орташа бағамы 341,51 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 341,00 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 342,30 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 341,30 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 88 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 272.
Ақша айырбастау орындарында 9 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.53) Алматыда 345,90 теңгені құраған.