Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессияда доллар бағамы 300 теңге болды

Күндізгі сессияда доллар бағамы 300 теңге болды

Доллардың теңге курсына қатысты орташа бағамы күндізгі сессияда 299,33 теңге болды. Сәрсенбі күнгі курспен салыстырғанда 14,06 теңгеге қымбаттады. Доллар бағамы осымен екінші рет антирекорд орнатты. Бұған дейін АҚШ доллары қыркүйек айының ортасында 300 теңгеге жеткен болатын. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.

Еске салайық, Ұлттық банк 16 қыркүйекте доллар бағамын тұрақтандыру үшін   нарыққа 144 млн доллар салған еді. 30 қыркүйектегі Ұлттық банктің интервенциялауға жұмсаған қаражаты 1 млрд долларға жетті. Нәтижесінде АҚШ доллары 267,00 теңгеге түскен болатын.
4 қараша күні АҚШ валютасы 285,27 теңге болса, 5 қараша күні бірден 299,33 теңгеге жетті. Ұлттық банк жағдайға байланысты жақын арада түсінік беретіндерін мәлімдеді. Долларға қатсыты таңғы және күндізгі сессия кезінде сауда көлемі 181,2 млн долларды құрады. Сауда көлемі сәрсенбі күнгі таңғы және күндізгі сессиямен салыстырғанда 100 млн долларға төмендеген. Ал реттеуші 4 аптадан бері теңге курсына қатысты биржадағы саудаға араласқан жоқ. Ұлттық банк теңгң еркін айналымға ауысқан сәттен бастап ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін 1,8 млрд доллар жұмсады. Фото: time.kz

Похожие материалы