Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — 2018 жылдың ақпан айында Қазақстанда күнкөріс минимумы шамамен 26 мың теңгені құрады, деп хабарлайды LS.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, бұл көрсеткіш бір айда 0,5 пайызға, ал жыл басынан бері - 1,6 пайызға өсті.
Азық-түлік тауарларына күнкөріс минимумында 14,3 мың теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 11,7 мың теңге бөлінді.
Ең жоғарғы күнкөріс минумымы Маңғыстау облысында (31,3 мың теңге), Астана (30 мың теңге) және Алматы (29,3 мың теңге) байқалды. Ал, ең төменгі көрсеткіш Павлодар облысында (23,1 мың теңге) және СҚО-ында (23,2 мың теңге) болды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024