Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат: практика және даму перспективалары" тақырыбында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің брифингі болып өтті.
Брифингте Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенко әйелдердің, отбасылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның қызметі туралы айтты.
Е.Тарасенко Қазақстан кедейлікті қысқарту, бастапқы білімге қол жеткізу және гендерлік теңдік жөніндегі Мыңжылдықтың даму мақсаттарына мерзімінен бұрын қол жеткізгендігін атап өтті.
Бүгінгі күні кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің үлесі 50%-дан асып түсті. ШОБ субъектілері жетекшілерінің 40% астамы кәсіпкер-әйелдер. Бұл ретте Қостанай және Қарағанды облыстарында әйелдер басқаруындағы ШОБ субъектілерінің үлесі 48% жетеді.
Мәліметтерге сүйенсек, ЖІӨ-ге деген Қазақстан әйелдерінің салымы 39,3%, бұл шамамен 92,7 млрд доллар. Басқарушы әйелдедің саны соңғы 10 жылда 2 есе артты, 20,7% қамтиды. Депутаттар саны 26%-ға жетті. Еліміз бойынша қалалық мәслихаттардағы әйел депутаттардың саны өсті, олардың үлесіне 22% тиесілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024