Шымкент. 24 шілде. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облысында басылымдардың бірінің бас редакторы кәсіпкерден 5 млн теңге бопсалаған. Бұл туралы Мемлекеттік кіріс депатраментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департаменттің мәліметінше, журналист өзін Мемлекеттік кіріс депатраментіне қарасты экономикалық тереу бөлімінің қызметкерімін деп таныстырған. Содан кейін, кәсіпкердің ойын бизнесіне қамқорлық жасаймын деп 5 млн теңге талап еткен.
Ол газеттің бас редакторы облыстық прокуратураның жанында кәсіпкерден 100 мың теңгесін алып жатқан жерінен ұсталған.
«2017 жылдың 17 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің ішкі қызмет басқармасының өкілдері облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесе отырып анықтады. Олар Өміралиев Ғани Беккожаевичті Муковников Д.А деген азаматтан 100 мың теңге алып жатқан жерінен ұстады. Ол «Қоғамдық бақылау» газетінің бас редакторы бола тұра өзін Мемлекеттік кіріс департаментіне қарасты экономикалық тереу бөлімінің қызметкерімін деп таныстырған. Тінту кезінде оның қалтасынан 100 мың теңге мен өңірлік Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкері деген жалған куәлік табылды», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Қазіргі таңда 1983 жылдың тумасы Ғани Өміралиев Облыстық ІІБ уақытша тергеу абақтысына қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024