Кәсіпкерлік қызметті жетілдіру бойынша түзетулер бизнестің өндірістік емес шығындарын қысқартады - Сулейменов
Астана. 3 қазан. 7kun.kz — Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бизнестің өндірістік емес шығындарын ауқымды түрде қысқартуды қамтамасыз етеді деп мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрдің сөзінше, 2018 жылға қарай тексерулердің жалпы саны 30 пайызға қысқартылады, ал 2020 жылға қарай тағы да 10 пайызға қысқартылады.
Жұмыс қорытындысында қосарланушылыққа және тиімсіздігіне байланысты 114 бақылау саласының 27-сін және 18 қадағалау саласының 3-еуін жою ұсынылып отыр. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың 540 бақылау және қадағалау қызметінен қосарланатын және мемлекет пен тұтынушының қауіпсіздігіне қатер төндіру қаупіне қатысы жоқ 137-ін қайта тексеру және олардың штат санын оңтайландыру арқылы алып тастау жоспарда бар. 1 137 тексеру бірлігін – мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру ұсынылып отыр. 30 497 кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша 17 654 талапты немесе тексеру жөніндегі барлық талаптардың 50 пайызын қысқарту ұсынылуда. Бұл ретте халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласында ғана 85 пайыз талап, өрт қауіпсіздігі саласында 72 пайыз талап қысқартылды.
Ол ұсынылып отырған шаралар бизнес шығындарын тұтас алғанда және нақты салаларда қысқартуды көздейтінін атап өтті. Заң жобасының аясында жекелеген салықтар мен алымдардың ставкаларының мөлшерлемелері азаяды, экологиялық заңнама талаптарын сақтаумен байланысты бизнес шығындары көлемді түрде қысқартылады, құрылыс саласындағы шығындары азаяды. Бұдан басқа, бизнестің жекелеген заңбұзушылық түрлері бойынша әкімшілік жауапкершілігі жұмсартылады.
Еске салсақ, заң жобасы мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалау, өзін өзі реттеу институтын дамыту, бизнес шығындарын жаппай төмендету, бизнесті қолдау шараларын дамыту, «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша әзірленіп отыр. Заң жобасы арқылы барлығы 13 кодекске және 103 заңға 1000-ға тарта түзетулер енгізіледі.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024