Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынас үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
Алматы. 26 мамыр. 7kun.kz – 2022 жылы 5 айда 16 жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскен үшін 5 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының кәмелетке толмаған істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гулшахар Чинибекова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ол бұған дейінгі көрсеткіштер де көңіл көншітпейтінін айтты.
«2020 жылы 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен 7 қылмыстық іс, 2021 жылы 13 қылмыстық іс қозғалды. Ал 2022 жылы 5 айда 5 қылмыстық іс қаралды», – дейді Гулшахар Чинибекова.
Ол жасөсіпірімдермен осы бағытта үйде ата-анасының түсіндіруінен бөлек, мектепте де мамандар ашық жұмыс жүргізуі керек деген ойда. Себебі, кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскен жағдайда 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.
Сондай-ақ, ол пәтер жалға берушілер ерлі-зайыптылардан неке туралы куәлік талап етулері керек екенін де атап өтті. Себебі, арам пиғылдылар көбінесе осындай қылмыстарды сағатқа немесе тәулікке жалға берілетін пәтерлерде іске асырады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024