«Караван» газетінің интернет нұсқасы мен «gazeta.kz» порталы бірігіп, жаңа онлайн басылымға айналды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Телеарнаның хабарлауынша екі сайт нарық талабына сай біріктірілген. Біріккен сайт енді Caravan.kz доменінде қолжетімді. Сайтта бұрынғы «gazeta.kz» редакция әдеттегідей шұғыл және күнделікті ақпараттарды жариялауды жалғастыра береді. Ал сараптамалық мақалалар, сұқбат және талдауларды «Караван» газетінің тілшілері жеткізбек. Сонымен қатар жаңа интернет-басылымда «Афиша», «ТВ» секілді аңдатпа ақпараттар және жеке хабарландырулар айдары ашылған. Медиа порталдың ерекшелігі ол екі тілде бірдей, яғни, қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін болады. "Жұмыс форматы бұрынғы қалыпта қалады. Біз болашақта тек оқырмандар санын арттырып, оларға сапалы материалдарды ұсынуды жоспарлар отырмыз. Яғни, авторлық сараптамалық мақалалардың көбеюі порталдың дамуына септігін тигізеді", - деді «Caravan.kz» интернет-порталының бас редакторы Азамат Галеев.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024