Қытайда ресми сапармен жүрген Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Келіссөздер барысында тараптар жан-жақты серіктестік бойынша қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастардың дамуын талқылап, өзара сенімділік пен түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтті. Үкімет басшысы қытай көшбасшысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, ҚХР-ға ресми сапармен шақырғаны үшін және Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтағаны үшін алғысын білдірді. Кәрім Мәсімов түрлі деңгейдегі жиі кездесулер екі ел арасындағы келісімдерді серпінді жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін баса айтты. Сонымен қатар, К.Мәсімов пен С.Цзиньпин мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық салалары бойынша, оның ішінде сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық, өнеркәсіп, инвестиция салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылықтарын жеткізді. Бұдан өзге, К.Мәсімов ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен Учжэньдегі екінші Дүниежүзілік интернет-конференцияға келген делегация басшыларының ұжымдық кездесуіне қатысты. Фото: primeminister.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024