Нұр-Сұлтан. 22 маусым. 7kun.kz – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша сот күзде басталуы тиіс. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Журналистер ҰҚК төрағасының орынбасарынан Мәсімов ісін тергеуге байланысты қашан ілгерілеушілік болады деп сұрады.
«Күзге қарай қандай да бір айқындық болады. Сот болады», – деді Асқар Әмірханов.
Процесс ашық бола ма, жоқ па, оны сот шешеді, деді Асқар Әмірханов. Ол іс материалдарының құпия екенін айтты.
Айта кетейік, 8 қаңтарда ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталғаны хабарланды. Оған қатысты қылмыстық іс «аса құпия» деп танылды. Комитеттің бұрынғы басшысы өзіне немесе басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024