Қазақстан. 7 маусым. 7kun.kz – Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің қамаудағы мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұлов та 6 шілдеге дейін қамауда болады.
Ал ҚР ҰҚК төрағасының тағы бір орынбасары Дәулет Ерғожиннің қамаудағы мерзімі 13 шілдеге дейін ұзартылды.
«ҚР ҰҚК жедел-тергеу тобы К.К. Мәсімовке, А. Т. Садықұловқа, Д. Е. Ерғожинге және басқа да адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 218-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-тармағы, 366-бабының 4-бөлігіне сай көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр», – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024