Нұр-Сұлтан. 19 шілде. 7kun.kz – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке, сондай-ақ комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинге қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Күдіктілер қамауда ұстау мерзімін жеті айға дейін ұзарды: Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловты – 2022 жылғы 6 тамызға дейін, ал Дәулет Ерғожинды – 13 тамызға дейін.
Тергеу-жедел тобы Мәсімовке және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі ҚР ҚК-нің келесі баптарында көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеуде:
- ҚР ҚК, 175 бабының 1-бөлігі – «Мемлекетке опасыздық жасау»;
- ҚР ҚК, 179 бабының 3-бөлігі – «Билікті күшпен басып алуға бағытталған іс-әрекеттер»;
- ҚР ҚК, 218 бабының 3-бөлігінің 3-тармағы – «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру»;
- ҚР ҚК, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы – «Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану»;
- ҚР ҚК, 366-бабының 4-бөлігі – «Аса ірі мөлшерде пара алу».
Айта кетейік, 8 қаңтарда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталғанын хабарланды. Оған қатысты қылмыстық іс «аса құпия» санатына жатқызылды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024