Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — Шілдеде шетелдік валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі 30,3%-ға немесе 457,8 млрд теңгеге азайды. Мұндай мәлімдемені Алматыдағы баспасөз мәслихатында KASE Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк жасады.
"Шілде айында теңгенің долларға шаққандағы атаулы бағамы 1%-ға ғана өсті. Әлемнің екі ірі экономикаларының арасындағы ұзақ сауда соғысының тәуекелдері шикізат тауарларының, бірінші кезекте – мұнайдың бағамдалуына теріс әсер етеді. Бірақ, теңге бағамы екі ай тұрақты болды және бағамның айтарлықтай өзгеруі орын алған жоқ", – деп атап өтті Андрей Цалюк.
Шілдеде биржаның 30 мүшесі KASE-нің шетелдік валюталық нарығындағы сауда-саттыққа қатысты.
"Тамыз айының соңғы онкүндігінде салық төлемдері басталады. Әдетте долларға сұраныс күрт құлдырайды, себебі компанияларға теңгелік өтімділіктің үлкен көлемі қажет. Оған қоса демалыс аяқталады, сондықтан валюта нарығындағы нарығындағы шиеленістерге ешқандай себеп жоқ", – деді Цалюк.
Еске сала кетейік, 12 тамызда Қазақстан қор биржасында (KASE) таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша бір доллар/теңге сауда-саттығы жабылды. Орташа бағамы бір доллар үшін 387,40 теңгені құрады. Ұлттық валюта долларға қатысты 0,04 теңгеге нығайды.