Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz - «УНИВЕР Капитал» ЖШҰ Қазақстан қор биржасында (KASE) тіркелген алғашқы шетелдік брокер болды. Бұл туралы биржаның баспасөз қызметі хабарлады.
«УНИВЕР Капитал» компаниясы (УНИВЕР) «қор» және «дериватив» санаты бойынша KASE-ге мүшелікке қабылданды.
«Қор санаты бойынша мүшелік KASE-де айналымға шыққан құнды қағаздардың биржадағы саудасына қатыа алады. Ал «деривативтер» санаты қаржы құралдары шығарылатын биржа саудасына қатысуға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.
УНИВЕР ресейлік «УНИВЕР» инвестициялық тобының құрамына кіреді. Аталмыш компания қор нарығында 1995 жылдан бері инвестициялық қызмет атқарып келеді. Ол «Мәскеу» АҚ, «Санкт-Петербург биржасы» ЖАҚ және «Ұлттық тауар биржасы» АҚ жария биржаларының қатысушысы.
«Биржа шетелдік брокерлерді тартуды және қазақстандық нарықтың инвесторлар базасын кеңейтуді қолға алды. Жоғарыда айтылған жағдай ЕАЭО аясында қазақстандық құралдардың кең өріс алуына мүмкіндік береді. «Мемлекетаралық банк» 2016 жылдың қарашасында KASE мүшелігіндегі «валюта» санатына ие болды. Бұл банк ТМД елдерінің мемлекеттік капиталдары 100 пайыз қатысатын халықаралық кредиттік жіне банктік есептік институт. Ал осы санат бойынша KASE тарихында алғаш рет шетелдік брокер ретінде 2010 жылдың қарашасында «Промсвязьбанк»ААҚ тіркелген еді», — деді KASE басқарма басшысы Алина Алдамберген.
«УНИВЕР Капитал» ЖШҰ қор нарығында 1995 жылдан бері қызмет етеді. Компанияға Ұлттық рейтинг агенттігі 2016 жылдың қарашасында сенімділік рейтингінде «АА-» дәрежесіне және «тұрақты» деген болжамға ие. «Эксперт РА» 2016 жылғы мәліметтеріне сәйкес, УНИВЕР-дің кредит төлеу қабілеті «А» деігейінде (ұзақ мерзімді кредит қабілеттілігі жоғары). Ол «Мәскеу биржасы» ЖШҰ 2016 жылдың клиенттік операцияларының көлемі бойынша алғашқы ондықтың қатарында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024