Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында (KASE) Ресей валютасына сұраныстың өсуін түсіндірді.
KASE төрағасының орынбасары Андрей Цалюк жыл басынан бері рубль теңгеге қатысты 8,4%-ға өскенін еске салды.
"Қазақстан мен басқа да ЕАЭО елдері доллардан бас тартып, ең алдымен рубльмен сыртқы сауда операцияларына көшуге тырысады. Мүмкін, осы жағдаймен ресейлік валютаның күшеюі мен оған деген сұраныстың артуы түсіндіріледі", - деді ол.
Цалюк, сондай-ақ, тоғыз айдың қорытындысы бойынша ұлттық валюта долларға 1%-ға әлсіретіп, 1 доллар үшін 380-390 теңге диапазонында өзгергенін айтты. Қытай валютасы осы кезеңде теңгеге қатысты 1,5%-ға төмендеді.
Жалпы, шетелдік валюта нарығындағы сауда көлемі 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 18,7%-ға төмендеп, 8,5 трлн теңгені құрады.
KASE мәліметі бойынша, 15 қазанда USD/KZT жұптарымен сауда - саттық 389,62 теңге, CNY/KZT - 55,09 теңге, RUB/KZT - 6,06 теңге деңгейінде жабылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024