Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – Алматының Медеу ауданының соты кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровты қаржыны мақсатсыз пайдаланды деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі қарау аяқталды. (ҚР ҚК 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы). (...) Сот үкімімен Әбдіғаппаров аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, оған бес жыл мерзімге қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.
Бұл ретте азаматтық тұлға өкілінің талап арызы толық көлемде қанағаттандырылғаны атап өтілді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024