Экономика
Кәсіпкерлерден пара алғаны үшін «Қазтеміртранс» филиалының директоры қамалды
Қостанай. 16 маусым. 7kun.kz – «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры қамауға алынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ол кәсіпкерлерден жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі күдіктіні қамауға алуға сот санкция бергенін атап өтті.
«Сот күдіктіге қатысты соңғы шешімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып шығарады», – деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024