Kaspi Bank автивтері 2014 жылы 18,6%-ға өсіп, 1,034 трлн теңгені құрады. Бұл мәлімет әлемдік қаржы есебі стандартына сәйкес банктің шоғырланған қаржылық есебінде көрсетілген. Банктің міндеттемесі 15,7%-ға немесе 900,514 млрд теңгеге ұлғайған. Жеке капиталының өсімі - 43,4%, 133,381 млрд теңгеге дейін. Жарғылық капиталының көлемі өзгеріссіз қалды - 16,984 млрд теңге. 2014 жылы банктің таза кіріс көлемі 4,4%-ға өсіп, 41,009 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік қаржы бақылауы деректеріне сүйенсек, Kaspi Bank 2014 жылдың бірінші тоқсанында активтер көлемі бойынша қазақстанның 38 банкінің ішінен 7-орында тұр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024