Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын теңгелік депозиттері бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесін көтерді. Бұл өзгерістен соң Kaspi Bank теңгедегі депозит бойынша тиімді мөлшерлемені 14,9%-ға дейін көтеретіні туралы хабарлады.
Сонымен бірге Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры валютадағы депозиттер бойынша ықтимал ең жоғары жылдық мөлшерлемені 3%-дан 2%-ға дейін азайтты.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының талаптарына сәйкес Kaspi Bank-тің депозиттерінің сыйақы мөлшерлемесі әрдайым ең жоғары болған, – дейді Kaspi Bank-тің Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе. – Қордың шешімі клиенттерімізге теңгедегі Kaspi Депозиті бойынша 14,9% – ықтимал ең жоғары тиімді сыйақы мөлшерлемесін ұсынуға мүмкіндік береді».
7kun.kz анықтамасы: Kaspi Депозиті – шамамен 500 000 қазақстандық пайдаланып отырған ең танымал депозиттердің бірі. Kaspi Депозитін Kaspi Bank-тің кез келген бөлімшесінде бар-жоғы 5 минутта жеңіл әрі оңай ашуға болады. Депозит ашу үшін ең аз сома – 1000 теңге, 10 доллар немесе 10 еуро. Депозитті Қазақстан бойынша 4000-нан астам Kaspi терминалдарынан толықтыруға болады және депозит жайлы ақпаратты үйден шықпай-ақ, банктің бөлімшесіне бармай-ақ, Kaspi.kz cайтынан тексеруге болады. Сондай-ақ клиенттер ай сайын пайыздың есептелгені туралы, депозиттен ақша алынған, оны толықтырған әрбір жағдай туралы және бонус есептелгені туралы ақпаратты тегін SMS-сервис арқылы алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024