Сұрақ: Kaspi-ден депозит ашқым келеді. Неше уақытқа аша аламын? Арман, Алматыдан
Жауап:
Арман, банктің ресми ақпаратына сүйенсек, депозитті 1 айдан 12 айға дейін кез келген мерзімге ашуға болады. Егер одан әрі ұзартқыңыз келсе, қаражатты шешіп алмасаңыз ол автоматты түрде ұзарады.
Депозит бойынша операциялар жүргізу сияқты оны ашу да оп-оңай. Бар-жоғы жеке куәлігіңізбен, ұялы телефоныңызбен және Kaspi Депозит ашу үшін 1 000 теңге немесе 10 долларды құрайтын ең аз сомамен банктің кез келген бөлімшесіне барсаңыз болды.
Бұл ретте сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі — теңгеде 12 пайыз, долларда 1 пайыз. Сыйақы 11,4 пайыз номиналдық мөлшерлеменің және 12 пайыз жылдық тиімді мөлшерлеменің негізінде есептеледі.
Тиімді мөлшерлеме — бұл номиналдық мөлшерлеме + капиталдандыру сомасы, ол тек салым сомасына ғана емес, сондай-ақ банк есептеген пайызға сыйақы есептеу есебінен алынады. Сонымен бір жылда 100 000 теңге депозитке 12 000 теңге есептеледі, бұл 12 пайыз жылдық тиімді мөлшерлемені құрайды.
Kaspi Депозит туралы толығырақ мына жерден білуге болады: kaspi.kz/guide/deposit
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024