Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халықтың Kaspi.kz-тегі депозитінің жалпы көлемі 3 трлн 395 млрд теңгеден асты.
Бар-жоғы бір жылдың ішінде қазақстандықтар жинақ ақшасын 895,2 млрд теңгеге көбейтті. Бұл Қазақстандағы барлық банктердің жылдық өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс! Біз сүйікті клиенттеріміздің сеніміне үлкен жауапкершілікпен қараймыз және күткеніңізден асып, ары қарай технологиялық және инновациялық сервистерімізбен қуанту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз».
Қазақстандағы ең танымал Kaspi Депозитті Kaspi.kz мобильді қосымшасында санаулы ғана секундта ашуға болады. Салымның ең аз сомасы бар-жоғы 1 мың теңгені немесе $10 құрайды. Тиімді сыйақы мөлшерлемесі – теңгемен жылдық 15% және АҚШ долларымен 1%.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024