Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi.kz «Қазақтелеком» қызметтері үшін комиссиясыз төлем қабылдауды жалғастырады

Kaspi.kz «Қазақтелеком» қызметтері үшін комиссиясыз төлем қабылдауды жалғастырады
Қазақстанда «Қазақтелеком» АҚ қызметі үшін тек kaspi.kz сайтында ғана комиссиясыз төлем жасау мүмкін болып қалды. Бұл туралы банктың баспасөз қызметі хабарлайды. Еске салайық, «Қазақтелеком» АҚ төлемдерді қабылдау туралы жаңа ереже қабылдап, төлемдерді оператор-компанияның көмегімен қабылдайтынын хабарлаған еді. Бұл оператор-компанияның қызмет құны әрбір төлем сомасы үшін 2% көлемінде. Яғни клиенттер «Қазақтелеком» АҚ өзі арқылы төлесе де комиссия төлейді. Kaspi Баспасөз қызметінің хабарлауынша банк kaspi.kz сайтында «Қазақтелеком» АҚ қызметі үшін төлемдерді комиссиясыз қабылдай беруді жалғастыруды шешкен. Ал, Kaspi терминалдары арқылы Қазақтелеком қызметіне төлем жасау тоқтатылады. Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша kaspi.kz сайтында «Қазақтелеком» АҚ қызметтеріне төлем жасаған жағдайда клиент комиссиясыз төлем жасап қана қоймай, Kaspi Bank картасы немесе Kaspi әмиян арқылы төлем жасағанда 1% көлемінде Бонус алады. Егер Kaspi Bank депозитінде 1 млн теңгеден астам сомасы болса, Бонус 2%-ға дейін көбейеді. Ал, «Қазақтелеком» АҚ қызметі үшін kaspi.kz сайтында комиссиясыз төлем жасау үшін тіркеліп, кез-келген Kaspi терминал арқылы Kaspi Әмиянды толтыру жеткілікті екен. Фото:kaspi.kz

Похожие материалы