Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi.kz басшысы 2020 жылды шағын және орта бизнестегі серіктестерінің даму жылы деп жариялады

Kaspi.kz басшысы 2020 жылды шағын және орта бизнестегі серіктестерінің даму жылы деп жариялады

Алматы. 29 қараша. 7kun.kz - Компания басшысы Михаил Ломтадзе жаңа өнімдерді таныстырудан бұрын аздаған жетістіктер туралы айтып өтті. Kaspi-дің миссиясы қазақстандықтардың өмірін жақсартатын инновациялық қызметтер мен өнімдер ұсыну. Инновация орталығы Kaspi ұсынатын барлық қызметтерді смартфон экранына жинаған ерекше өнім - Kaspi.kz ұялы қосымшасы. Түрлі қызметті бір брендтің аясына топтастырған мұндай қосымша әлемнің бірде бір елінде жоқ. Қазіргі кезде қосымшаны 6 млн адам белсенді түрде қолданады.

Фото: Kaspi.kz баспасөз қызметі

Тағы бір ерекше танымал, көпшіліктің сүйікті өнімі - Kaspi Gold картасын бүгінде 4,5 млн қазақстандық қолданады. Бұл өнім экономиканы қолма-қолдан қолма-қолсызға аударып, біздің дағдыларымызды өзгертті. 2016-2017 жылдары пайда болған Kaspi Gold пен Kaspi.kz қосымшасы қолма-қол емес төлемдер нарығында "жарылыс" жасады. Мысалы, 2016 жылдың қыркүйегінде елде 9 миллион карта операциясы жасалған. 2019 жылдың қыркүйегінде оның саны 107 миллионға жетіп, бір айлық көрсеткіш 2016 жыл бойы жасалған төлеммен бірдей болды.

2016 жылдың қыркүйегінде қолма-қол емес төлем үлесі барлық банктік операцияның 14% құрады; ал 2019 жылдың қыркүйегінде бұл көрсеткіш 52% жетті, яғни тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет қолма-қол емес төлем үлесі қолма-қол операциялардан асып кетті.

- Биылғы жылдың қорытындысы бойынша қолма-қол емес төлемнің үлесі 120% құрады. Бұл Ресейден бес есеге артық, әрі қарай өсуде. Қазақстанның тәжірибесі көрсеткендей қысқа уақытта әрбір екінші карталық транзакцияны қолма-қол емес жасауға болады. Бұл жерде біздің сүйікті клиенттеріміздің қомақты үлесі бар. Мұнымен мақтануға болады, мақтану керек, - деп атап өтті Михаил Ломтадзе.

Бір кезде Kaspi Gold-тың бонус жинау, әлемнің кез-келген банкоматынан комиссиясыз шешіп алу, қосымша арқылы халықаралық аударым жасаумен қатар фирмалық белгісінің бірі – картаны бар болғаны 15 минутта жасап шығару еді. 2020 жылдың ақпанынан бастап банк клиенттері Kaspi Gold картасын бар болғаны 60 секундта Kaspi Картомат деп аталатын құрылғының көмегімен басып шығара алады. Kaspi Картомат Қазақстанда, Kaspi.kz командасы жасап шығарған, әлемде баламасы жоқ ерекше инновациялық құрылғы.

Kaspi Gold-ты 60 секундта алу үшін қолданушы Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi ID инновациялық технология көмегіне жүгініп, онлайн рәсімдей алады. Жеке тұлғаны растау технологисы Kaspi ID адамның бет-әлпетін танып, тұлғасын қашықтықтан растай алады. Kaspi.kz бөлімшесіне бармай-ақ барлық құжатты электронды қолтаңба арқылы растауға мүмкіндік беретін технология іске қосылды. Қол қойған соң қолданушы қосымшада жеке Kaspi QR-ын алады, ол арқылы Kaspi Картоматта авторизациядан өтіп, картаны көз алдыңызда 60 секундта басып шығара аласыз.

Компания қызметінің маңызды бөлігі серіктестік экожүйе.

Біз серіктестерімізге сату көлемін ұлғайтуға, бизнесін дамытып, қосымша табыс табуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ел экономикасының өсуіне үлес қосуға көмектесеміз. Қазіргі кезде біздің 9 мыңнан астам серіктесіміз бар. Kaspi.kz арқылы біздің серіктестеріміздің сатылым көлемі соңғы 12 айда 600 млрд теңге көлемінде болды, - деді Михаил Ломтадзе.

Сату көлемінің өсуіне үлкен үлес қосатын дәстүрлі, тиімді сатып алу мерекесі Kaspi Жұма. Өткен жылы бұл мерекеде 13 млрд теңге түскен. Биыл Kaspi Жұма бесінші рет өтіп, сатылым көлемі  59 млрд теңге болды. Kaspi Жұма-ға компанияның 2 мың серіктесі қатысқан. Жаңа өнімдердің таныстырылымы кезінде ең көп зат сатқан серіктестер арнайы марапатқа ие болды.  

«Ірі бизнес» санатында Kaspi Жұманың қорытындысы бойынша Sulpak затты ең көп сатқан компания деп танылды. «Орта бизнес» аталымында Mebels.kz, «Шағын бизнес» санатында Happy Travel агенттігі үздік болды. KIMEX Grazie желісі «Ең үздік жаңа серіктес» ретінде марапатталды.

Kaspi.kz командасы серіктестері үшін арнайы Kaspi POS терминалын жасап шығарған. Құны 100 мың теңгелік жабдықты серіктестер тегін алады. Терминал Kaspi.kz біріктірілген Kaspi QR ерекше технологиясымен жабдықталған.

Сатушы Kaspi POS-тың өзіне соманы енгізсе және сатып алушы қолданбадан Kaspi QR-ды сканерлеп алса, жетіп жатыр. Kaspi QR көмегімен Kaspi.kz қолданбасымен жасалған сауданың төлемін де картасыз төлеуге болады. Бұл терминалдар Kaspi Red, Kaspi Gold пен кез келген банктің Visa және Mastercard карталарын ғана емес, Kaspi QR арқылы төлемді де қабылдай алады. Желтоқсан айынан бастап Kaspi Gold төлемдерін Kaspi QR арқылы қабылдауға болады.

- Біз QR-төлемдер ұялы төлемдер нарығының дамуына ықпал ететін ыңғайлы құрал болатынына сенімдіміз. Бұл үшін Kaspi Gold төлемін Kaspi QR арқылы төлеген жағдайда серіктестерімізге стандартты 2,3% комиссияны 1,69%-ға түсіреміз. Бұл жағдайда клиенттер картамен төлегендей бонус алады, - деген Михаил Ломтадзе серіктестеріне төлемдерді Kaspi QR арқылы қабылдап, қаржы үнемдеуге шақырды.

Соңына қарай Михаил Ломтадзе ең маңызды мәлімдемені жасады – Kaspi.kz «Бизнес Кредит» өнімімен шағын және орта бизнесті несиелендіре бастайды. Мұның арқасында серіктес компаниялар айналым капиталын толықтыруға, тауар сатып алып, бизнесін дамытуға мүмкіндік алады. Кредит сомасы Kaspi.kz арқылы соңғы алты айда жасалған сауда көлемінің 20% құрайды. Ең шекті сома кепілсіз, 1 млрд теңге. Осылайша Kaspi.kz арқылы сатылым көп болса, кредит сомасы да көбейеді. Несие мерзімі - 6 ай, осы мерізімге артық төлем - 8,9% және займ үшін ешқандай комиссия қарастырылмаған. Және ең маңыздысы кредитті алдын-ала қайтарған жағдайда айыппұл, комиссия жоқ. Серіктес қаражатты қайтару туралы ойламаса да болады: төлем күнделікті сатылымнан және Kaspi.kz-тегі айналымнан автоматты түрде ұсталады.

Кредит бойынша төлемді, артық төлемді, Kaspi.kz арқылы айналымды және негізгі қарызды төлеуді Kaspi Business қосымшасы арқылы жасауға болады. Клиент банк бөлімшесіне тек құжаттарға қол қою үшін ғана келеді. Қол қойылған соң қаражат шотқа түседі және басқа әрекеттің барлығын қашықтықтан жүзеге асыруға болады.

- Кейбіреу елдегі шағын және орта бизнесте шетінен жағдайы қиын қарыз алушылар жүр деп ойлайды. Біз бұған сенбейміз. Елімізде кәсіпкерлік командасы мықты, даму үстіндегі сапалы компаниялар көп. Мұнда отырғанның әрқайсысы мұның жақсы үлгісі. Жаңа өнімнің көмегімен біз бірге басқалардың айтқаны дұрыс еместігін дәлелдеп, мемлекеттің дамуына бірге үлес қосамыз. Сондықтан біз келесі жылды бизнестің, біздің серіктестеріміз бен шағын және орта бизнестің даму жылы деп жариялаймыз, - деді Михаил Ломтадзе.

Таныстырылымды аяқтау сәтінде Михаил Kaspi.kz кейсінің енді гарвард бизнес-мектебінде оқытылатыны туралы хабарлады.

- Біз Гарвард бизнес мектебі шақыруымен Kaspi.kz кейсі бойынша өткен екі сабақ барысында Қазақстан туралы, Kaspi.kz туралы әңгімеледік. Студенттер ерекше қызықты. Гарвардтың екінші курс студенттері болашағы зор адамдар. Енді олар Қазақстан туралы көбірек біледі және Kaspi.kz деген инновациялық компания барын біледі, – деді Михаил Ломтадзе. 

Похожие материалы