Kaspi.kz «Бірге — таза Қазақстан» акциясын қолдап, бүкіл ел аумағында сенбілік өткізеді
Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – Kaspi.kz қызметкерлері 27 шілде, осы сенбі күні сағат 9:00-де бүкіл еліміздің қалаларында «Бірге – таза Қазақстан» акциясын қолдап, оған қатыспақшы.
Төменде қоқыс жиналатын объектілердің тізімі көрсетілген:
• Алматы – Алмарасан шатқалы, Көкжайлау үстірті, Казачка өзені.
• Нұр-Сұлтан – Қарасу және Есіл өзендерінің бойындағы жағалау аймағы.
• Ақтау – Жартастағы соқпақ.
• Ақтөбе – Жастар және Маресьев көшелерінің аумағы.
• Атырау – Балық өту арнасы.
• Жезқазған – «Лагуна» қалалық жағажайы және оған іргелес Кеңгір суқоймасының жағалау аймағы.
• Қарағанды – Федоров суқоймасының жағалау аймағы.
• Көкшетау – Қопа көлінің жағалауы бойындағы аймақ, Метеостанциядан Кенесары көшесіне дейінгі бөлік.
• Қордай – Орталық саябақтың аумағы.
• Қостанай – Орталық жағалау.
• Құлсары – Қамыскөл және оған іргелес жағажай.
• Қызылорда – Сырдария өзенінің оңтүстік арнасы, Жаңадария өзені.
• Павлодар – Усолка өзеніндегі көпірдің арғы жағындағы жағалау аймағы.
• Петропавл – Есіл өзенінің бойындағы Жеңіс саябағы аймағындағы телім.
• Семей – Бейбітшілік аралы.
• Талғар – Талғар өзені арнасының бойы.
• Талдықорған – Ардагерлер саябағы.
• Тараз – Талас өзенінің аймағы, Гродиково кенті.
• Орал – Жайық өзенінің жағалауы, Хан тоғайы аймағы.
• Өскемен – қаланың шекарасына кіретін Ертіс өзенінің жағалауы бойындағы демалыс аймағы.
• Шымкент – Сайрам-Өгем МҰТП, ұлттық саябақтың күзетілетін аймағы.
• Екібастұз – «Шахтер» саябағы.