Kaspi.kz үшінші жыл қатарынан қазақстандық ірі интернет сауда алаңдарының TOP KZ Retail E-Commerce 2020 ренкингінде бірінші орынға ие болды.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былай деді:
«Ай сайын 8,5 миллионнан астам қазақстандық Kaspi.kz суперқосымшасын пайдаланады. Біздің команда елдегі электрондық коммерцияның ірі алаңы Kaspi.kz-тегі Магазинді белсенді түрде дамытуда. Біз жеткізу аумағын Қазақстанның 54 қаласына дейін ұлғайттық және ассортиментті 400 000 тауарға жеткіздік. Биылғы жылдың 8 айында біздің сүйікті клиенттеріміз 200 миллиардқа жуық теңгеге 2.6 миллион онлайн зат сатып алды. Kaspi.kz-тегі Магазинде өткен жылмен салыстырғанда сатып алу сомасы 125%-ға, сатып алу көлемі 150%-ға өсті».
«Қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты бөлшек сауданың шектеулі жағдайында біздің интернет-магазин көптеген қазақстандық компаниялар үшін негізгі қолдаушы платформа болып тұр. Біз серіктестерімізге сатуға, сол арқылы бизнесін дамытып, жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектесудеміз. Әрбір сүйікті клиентімізге және серіктестерімізге бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз!», - деп толықтырды Михаил Ломтадзе.
Kaspi.kz түрлі тауар өндіруші қазақстандық өндірушілермен белсенді жұмыс істейді. Электрондық коммерцияның жетекші платформасына: Qazaq republic (киім), Астау (ыдыс), BALAUSA jewelry (зергерлік бұйымдар), BEKZAT sport (спорт тауарлары), VEGA (әшекей заттары мен аксессуарлар), GLASMAN (киім), kassenova atelier (киім), DiDi Style (киім), EMPIRE (сувенирлік бұйымдар), Казахювелир (зергерлік бұйымдар), Матрасная Фабрика AVERO (матрастар), MIMIORIKI (балалар тауарлары), OTAN (сағаттар), ОЮ (кілем), SMAN (аяқ киім) және басқа да көптеген танымал қазақстандық брендтер мен компаниялар қосылды.
Kaspi.kz арқылы Adidas, O’STIN, UGG, New balance, СПОРТМАСТЕР, KOTON, ALDO, SKECHERS, Ecco, DECATHLON, DeFacto, Marks & Spencer, Nike, Reebok және басқа да танымал халықаралық брендтер сатады.
TOP KZ Retail E-Commerce ренкингін жыл сайын Forbes Kazakhstan іскерлік журналы Baker Tilly Kazakhstan халықаралық консалтингтік компаниясымен және Цифрлы Қазақстан Ассоциациясымен (ЦҚА) бірге жасайды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024