Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте Kaspi Red клубы іске қосылды

Шымкентте Kaspi Red клубы іске қосылды

Шымкент. 4 мамыр. 7kun.kz - Kaspi Шымкент қаласында бөліп төлеуге сатып алғанды, бонус алғанды жақсы көретіндердің бірегей Kaspi Red клубын іске қосты.

«Біздің сүйікті клиенттерімізден  Kaspi Red туралы таңқалысқа толы көптеген пікірлер келіп түсуде,-дейді Kaspi Bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе - Kaspi Red клубының қатысушыларына әсіресе қаладағы ең үздік дүкендерден тиімді сауда жасаған ұнайды. Kaspi Red-тің көмегімен бөліп төлеу шартымен жасалған сауда пайызсыз, комиссиясыз және артық төлемсіз. Және әрбір сатып алу кезінде біз бонус сыйлаймыз». Kaspi Red клубының Шымкентте 100-ден астам серіктес дүкені бар. Kaspi Red серіктестерінің қатарында DeFacto, Intertop, MEXX, LC Waikiki, Kimex, Mon Amie, Ecco, Аlser, Meloman-MARWIN және басқа да танымал брендтерді көруге болады. Дүкендер шымкенттіктердің сүйікті ойын-сауық орталықтары - Shymkent Plaza, Mega Planet, Street, Әл-Фараби, Баян Сұлу және басқаларында орналасқан. Kaspi Red өте қарапайым жұмыс істейді. Клубтың әрбір қатысушысы сатып алу үшін үш түрлі лимитті таңдай алады: 50 000, 100 000  немесе 150 000 теңге. Барлық затты – 3 айға бөліп төлеу шартымен сатып аласыз. Бұл дегеніміз дүкен серіктестен сатып алған әрбір зат  ақысы 3 төлемге бөлінеді. Олардың біріне есеп-шот қойылған күннен бастап 15 күн ішінде төленуі тиіс айлық төлем қосылады. Kaspi Red үшін айлық төлемді кез-келген Kaspi Терминалдан немесе Kaspi.kz сайты арқылы Kaspi Депозиттен немесе Kaspi Gold картасынан төлеуге болады. Әрбір сатып алу кезінде Kaspi Red клубының мүшесіне бонус беріледі. 1% -кез-келген сатып алу үшін, 2% - егер Kaspi Депозитіңізде 1 миллион теңгеден артық сома болса. 5% және одан жоғары Kaspi Бонус акциялары кезінде. Бұдан бөлек Kaspi Red көмегімен алғашқы айда 10 000 теңгеге сауда жасасаңыз, 1000 бонус сыйлыққа беріледі. Шымкент Kaspi Red іске қосылған Қазақстанның үшінші қаласы. Клуб Алматыда 2016 жылдың тамыз айынан, Астанада биылғы жылдың ақпан айынан жұмыс істей бастады. Kaspi Red мүшелері қазірдің өзінде бөліп төлеу шартымен 400 мыңнан астам зат сатып алып, 250 миллион Kaspi Бонус (1 Бонус = 1 теңге) алды. Kaspi Red клубы туралы толығырақ Kaspi.kz сайтындағы Red айдарынан біле аласыздар.

Похожие материалы