Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Михаил Ломтадзе банктің жаңа өнімі - Kaspi Gold картасы туралы айтты

Михаил Ломтадзе банктің жаңа өнімі - Kaspi Gold картасы туралы айтты

Kaspi Bank клиенттеріне тиімді болатын Kaspi Gold жаңа жалақы картасын шығарды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Kaspi Gold картасы арқылы біздің клиенттеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Енді бонустарды барынша көп, әрі тез жинап, онлайн сауда жасауға болады және банк бөлімшелеріне келмей-ақ өз қаржыңызды басқара аласыз. Әсіресе, Kaspi Gold арқылы коммуналдық қызметке және kaspi.kz-пен комиссиясыз 300-ден аса қызмет түріне, мобильдік байланысқа төлем жасау өте ыңғайлы», - деді Kaspi Bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. Сондай-ақ, аталған картада қалған ақша қалдығы бойынша жылдық бонустың 10%-ы беріледі. Бұл күнделікті қалдық бойынша есептеліп, ай сайынғы қорытынды бойынша аударылады. Kaspi Gold-қа дүкендерде сауда жасау кезіндегі соманың 1%-ы бонус ретінде аударылады. Егер клиенттің 1 млн-нан асатын депозиті болған жағдайда бонус әрбір жасалған саудаға байланысты 2%-ға артады. Түскен бонустарды Kaspi.kz арқылы мобильді байланыс қаржысын толтыруға және коммуналдық қызмет түрлері мен басқа да қызмет түрлеріне төлем жасауға пайдалануға болады. Сонымен бірге, онлайн сауда жасағанды жақсы көретіндер үшін Kaspi Gold картасымен kaspi.kz арқылы тиімді, әрі қауіпсіз лимитте сауда жасау мүмкіндігі бар. Тегін SMS сервисі Kaspi Gold иесіне әрбір сауда мен бонустардың аударылғаны туралы ескертіп отырады. "Kaspi Gold картасын алғаннан кейін депозитті толтыруға немесе  Kaspi Bank-тегі несиені төлеу үшін банк бөлімшелеріне келудің қажеті жоқ. Алдағы уақытта аталған қызметтің барлығын kaspi.kz сайтында "Менің банкім" бөлімі арқылы жүзеге асыруға болады", - делінген баспасөз баяндамасында. Kaspi Gold арқылы Қазақстанның кез келген банкоматынан комиссиясыз қаражатты алуға болады және Kaspi-ге тиесілі 4000 терминал арқылы қаражатты толтыруға болады. 300 мың теңгеге дейін қаржы салынған жағдайда тегін болады. Kaspi Gold картасын Kaspi Bank-пен жалақы алу жобасы бойынша келісім жасаған компаниялардың қызметкерлері ала алады. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=spCQXdFIhvg[/embed]

Похожие материалы