Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Каспий құбыры консорциумы мұнай экспортын ұлғайтты

Каспий құбыры консорциумы мұнай экспортын ұлғайтты

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде Каспий құбыры консорциумы 35,48  млн тонна мұнай экспорттады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,77%-ға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Каспий құбыры консорциумы мәліметіне қарағанда, биылғы шілдеде мұнай экспорты 5,158 тоннаға жетті, ал былтыр осы айда бұл көрсеткіш 4,465 млн тоннаны құраған еді.

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағындағы шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылған ең ірі жобалардың бірі. Оның Теңіз - Новороссийск құбыр желісі 1 511 километрге созылып жатыр. Осы маршрут арқылы Қазақстан экспорттайтын бүкіл мұнайдың үштен екісі жіберіледі.

Ұқсас материалдар