Әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді қызықтыратын еліміздің ерекше бір аймағы – Каспий теңізі. Жағалау маңайында орналасқан курорттық орталықтар қазақстандық туризмді дамытуға айтарлықтай үлесін қосып жатыр. Егер Каспийге саяхаттауға шыққыңыз келсе, ең алдымен, Ақтау қаласына жол тартасыз. Себебі, ол теңіз жағалауында орналасқан Қазақстанның жалғыз қаласы. Air Astana, Scat әуекомпаниясының қызметіне жүгінсеңіз болады. Билетті ертерек брондаған болсаңыз, бағасы да тиімдірек болады.
[caption id="" align="aligncenter" width="2592"] Фото: moemore.com[/caption]Каспийдегі демалыстың басты артықшылығы – қалыпты қлиматы. Жаз уақытында, шілде және тамыз айларында ауа-райы +24-+26С шамасын құрайды. Ал максималды температура +44С. Негізінен жағажайлық маусым мамыр-қыркүйек аралығында жалғасады. Осы уақытта жағалауда демалуға он мыңнан аса турист келеді. Табиғаттың көркемдігі, теңіздің жылы толқындары келушілерді бірден өзіне баурап алады. Және олар жағажайдағы демалыспен қатар, Маңғыстау табиғи қорығының сұлулығын тамашалауға мүмкіндік алады.
[caption id="" align="aligncenter" width="640"] Фото: muzey.kz[/caption]Балық аулауды сүйетін туристерге де бұл таптырмас мүмкіндік. Теңізден сазан, кефаль немесе албырт (лосось) балықтарын аулауға рұқсат етілген.
Ақтау қаласы еліміздегі ең қымбат қалалардың бірі болып саналады. Сондықтан артық шығындалмас үшін алдын-ала барлығын ұйымдастырып алған жөн. Келушілердің көпшілігі қонақүйден гөрі, пәтер жалдағанды тиімді санайды. Бір күнге жалға алудың құны 5000 теңгеден жоғары.
Қалада «Шағала» емдік санаторийі орналасқан. Келушілерге бір-екі адамдық бөлме түрлерін ұсынуға дайын. Егер бір жағынан демалып, бір жағынан денсаулығыңызды жақсартқыңыз келсе, осындай емдік демалыс үйлерін таңдағаныңыз дұрыс.
Ақтау қаласынан 18 км қашықтықта «Stigl» оқу-сауықтыру, көңіл көтеру орталығы орналасқан. Каспий теңізінің «Теплый пляж» аймағында болғандықтан және әлемдік стандарттарға сай жұмыс істейтіндіктен, туристердің көп бөлігі осы орталықта қоныстанады. Және туристердің жиі келетін тағы бір орны – «Кендерли» курорты. Ақтау қаласынан 210 км қашықтықта. Каспий теңізінің таяз су қайранында орналасқан. Бұл жерде жайлы демалуға барлық жағдай жасалған. Заманауи әдістерді қолдану жағынан кәсіптенген орталық кез келген қонақты риза ете алады. Бильярд, жаттығу залы, бейнезал, би алаңы, футбол және волейболға арналған алаң, жазғы бассейн, сауна, желкенді қайықтар, су велосипедтері сынды қызметтің барлық түрлері қарастырылған.
[caption id="" align="aligncenter" width="1024"] Фото: aktau-business.com[/caption]Егер қонақүйге қоныстанамын деп шешсеңіз, Каспий маңында орналасқан «Ақтау», «Виктория», «Каспийский берег», қала орталығындағы «Chagala», «Керемет» сынды жерлерді таңдасаңыз болады. Бөлмені жалға алу құны әр жерде әр түрлі. Егер «Керемет» қонақүйінде стандартты бір бөлмені жалға алу 2 мың теңге болса, «Chagala» қонақ үйінде бөлмені жалға алу 21 мыңнан басталады. Әрине, барлық баға ұсынылатын бөлме және қызмет түрлеріне байланысты белгіленеді.
Алдағы күндері жағалаудағы мемлекеттер бірлесіп, «Каспийге саяхат» деп аталатын жобаны жүзеге асырмақ. Соның арқасында теңіз арқылы шектесетін 5 ел арасында жолаушылар лайнері қатынайтын болады. Яғни, теңіз саяхаты ұйымдастырылады. Бұл шетелдік туристердің Каспийге деген қызығушылығын одан әрі арттыруға жағдай жасайтын туризм нарығындағы маңызды жобалардың бірі болмақ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024