Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz - Ұлттық "KazakhExport" экспорттық сақтандырушы компаниясы" отандық автоқұраушы зауыт пен Hyundai коммерциялық техникасының Ресейдегі ресми дистрибьюторы арасындағы келісімшартты қолдады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Hyundai Trans Auto кәсіпкерлігі ("Астана Моторс" компаниясының құрамында) Қазақстанда жасалған коммерциялық техниканы Ресейге экспорттау жобасын іске асырып жатыр. Жоба бойынша, компания 2017 жылы 500 дана техниканы шығаруды жоспарлап отыр.
Қазақстандық экспорттаушы Сбербанктан 1,5 млрд теңге көлемінде 1 жылға жеңілдік несиесін алды.
Еске салсақ, 2016 жылдың қазаны мен 2017 жылдың наурызында Мемлекеттік бағдарлама аясында 2015-2019 жылдар үшін KazakhExport-тың капиталы 27,9 млрд теңгеге ұлғайтылды. Осы арқылы экспорт алдындағы қаржыландыруға мүмкіндіктер ашылды.
Айта кетейік, KazakhExport ЭСК - "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингінің" еншілес компаниясы. Ол шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортталуын қолдауға міндеттеледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024