Алматы. 26 қараша. 7kun.kz– Экспорттық-кредиттік қызмет бойынша Қазақстан мен Ресей арасында алғаш рет ынтымақтастық жүзеге асырылды. Енді қазақстандық экспорттаушылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегін сақтандыру жұмыстарының бір бөлігін "KazakhExport "ЭСК"АҚ атқарады.
Мәскеуде өткен XIII "Еуразиялық экономикалық интеграция" Халықаралық конференциясы аясында "KazakhExport" ұлттық компаниясы және экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі "Эксар" агенттігі арасында қайта сақтандыру келісімшартына қол қойылды. Бұл келісім Қазақстан-Ресей кәсіпорындарын , сондай-ақ үшінші елдерге тауарлар экспортын қолдау үшін екі компанияның қаржы құралдарын біріктіреді. Келісімшарт 2017 жылғы "Еуразия апталығы" форумында қол қойылған Қазақстан, Ресей, Беларусь Республикасы және Армения арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның нәтижесі болып табылады. XIII Халықаралық конференция барысында сауданы қаржыландыру, атап айтқанда өзара сауданы қолдау мәселелері талқыланды. "ЭСК KazakhExport" АҚ басқарма төрағасы Руслан Ысқақов компанияның алдағы даму жоспарлары, соның ішінде ҚР Үкіметімен бірлесіп бекітілген Даму бағдарламасы бойынша қабылданатын шаралар туралы хабардар етті. "KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-ның миссиясы - экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарда қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024