Осы жылы өткен әскери парад ел тарихындағы ең көлемді және ең қымбат шаралардың бірі болып тұр. Шараны ұйымдастыруға 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған.
2015 жылғы парадтың шығынын өткен жылы мәдениет және спорт министрлігі жариялаған болатын. 2,049 млрд теңге (10,957 млн доллар) республикалық бюджеттен жұмсалған екен. Қаржыны ҚР-ның қорғаныс күштерінің қабілетін арттыру бабындағы шығындардан алу көзделген. Мұндай шаралардың жоспарланған шығындар көлемінен асып түсуі мүмкін болғандықтан, аталған соманы тек "шамамен" деп қарастыруға болады. Айта кетейік, "ҚР-ның ҚК қабілеттілігін арттыру" бағдарламасы үшін де 2015 жылға 205,715 млрд теңге бөлінген. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қатысқан парадқа Қорғаныс министрлігі, ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, ҚР-ның мемлекттік күзет қызметі, Астана қаласының әкіміне және инвестиция және даму министрлігіне жауапты болды. Сондай-ақ, мерейтой мен әскери парадтың трансляциясы БАҚ арқылы кеңінен таралды. Бұл қызметке МИР арнасы, республикалық телерадиокомпаниялар, облыс, Астана және Алматы әкімдері жауапты болды. Жалпы медиа бағытында 72 млн теңге жұмсалды. Әскери парад тек Астана қаласында ғана емес, еліміздің басқа қалаларында да өтті. Бірақ бұл шараның шығындары қорғаныс күші ведомствасы мен жергілікті бюджеттер арқылы жабылды. Салыстыру үшін келтіре кетсек: Минскідегі әскери парад 1,3 млн долларға өткізіліпті. "Комсомольская правда" газеті журналистерінің жазуынша, соңғы жылдардағы шараларға Қорғаныс министрлігі елдің ЖІӨ-нің 1%-ын ғана жұмсайды. Ал осыған дейінгі парадтардың құны қорғаныс ведомствосына бөлінген қаржының 0,2%-на тең. Ал осыған дейінгі парадтар құны қанша тұрған еді? 2000 жыл. Астанада Жеңістің 55-жылдығына арналған әскери парадты өткізу үшін қорғаныс ведомствосына ҚР үкіметінің қорынан төтенше жағдайлар мен техногенді сипаттағы және басқа да жағдайлар үшін қарастырылған қаржының 53 млн теңгесі бөлінген. ІІД-не 3,2 млн теңге, ҰҚК ШҚ-не 2,3 млн теңге, Республикалық гвардияға 1,2 млн теңге, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне полиграфиялық қызметтер үшін 440 мың теңге бөлінді. Барлығы - 423 мың доллар. 2005 жыл. Жеңістің 60-жылдығына арналған әскери парадқа 121,582 млн теңге (934 мың доллар) жұмсалды. Парадта 3000 әскери қызметкер және 130 әскери техника қатысты. 2009 жыл. Қазақстан Конститутциясының 14 жылдығына арналып парад өткізілді. Ол кезде 120 әскери техника қатыстырылды. Оның ішінде 40 әуетехника бірлігі, 2000-нан астам әскери қызметкер бар. Бірақ бұл шараға республикалық бюджеттен қанша бөлінгендігі жарияланған жоқ. 30 тамызға қарай Қорғаныс министрлігіне тағы 400 млн теңге бөлінген. Ал жылдық қорытынды бюджетті есептеген кезде, ҚР-ның үкіметінен бөлінген қаржы шұғыл жағдайларға деп қарастырылды. Қорғаныс ведомствасына 215,653 млн теңге, ІІД-не 6,7 млн теңге, ТЖ министрлігіне 7,3 млн теңге, ҰҚК-не 39,3 млн теңге, ақпарат және мәдениет министрлігіне 463 млн теңге, Астана әкімдігіне 261 млн теңге бөлінді. Парадтарға бөлінген қосымша шығындарды есептегенде 269 млн теңге (1,8 млн доллар) болады. Ал жалпы нақты көлемі қанша екендігі БАҚ-та жарияланған жоқ. 2010 жыл. Конститутцияның 15 жылдығына арналған парадқа 2,4 мың әскери қызметкер мен 280 бірліктен астам техника, оның ішінде 60 ұшақ пен тікұшақ қатысты. 2011 жылы бұл шараға 3 мың әскери қызметкер және 250 бірлік техника жұмылдырылды. Мемлекеттік бюджетте шара үшін Қорғаныс министрлігіне 560,571 млн теңге (3,8 млн доллар) жұмсалды деп көрсетілген. 2012 жыл. Қаржы бөлінгеніне қарамастан Конститутция күніне парад өткізбеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, республикасының Конститутциясы күніне арналған парадтар мен халықаралық KADEX әскери қару көрмесін кезегімен өткізу жоспарланды. 2013 жыл. Толыққанды әскери жаттығулар форматындағы әскери парад 7 мамырда 40-әскери базада ("Отар" полигонында) өткізілді. Ел тарихында бірінші рет әскери парадқа 7 мыңнан астам әскери қызметкер, 400-ден астам әскери техника, 80 ұшақ және тікұшақ қатыстырылды. Сондай-ақ, тікелей видео-трансляция іске қосылып, көрермендер Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің кемелері қалай дүркіндете атқандығын тамашалады. 2014 жылы парад болған жоқ. Қазақстан тарихындағы бірінші әскери парад 1995 жылы 9 мамырда Алматыдағы Жаңа алаңда өткізілді. Екінші әскери парад 1996 жылы Тәуелсіздіктің 5 жылдығына сол аталған жерде, әскери авиацияның қосылуымен өткізілді. Дереккөз: Radiotochka.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024